Жаңалықтар

Ұлықбек Есдәулет енді түркі елдерінің жазушылар одағын басқарады

Ұлықбек Есдәулет енді түркі елдерінің жазушылар одағын басқарады
Фото: facebook.com/ulugbek.yesdaulet 12.05.2023 11:54 1814

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайында ақын Ұлықбек Есдәулет сайлауға түспейтінін айтып, төрағалықтан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол 2018 жылдан бері бес жыл одақты басқарған. Енді Түріксой  (Түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық ұйым)ұйымының жазушылар одағын басқаратынын айтты.

Түріксой жақында Анкарада құрылтай өткізген. Сол жиында түркі елдерінің жазушылар одағы құрылған. Алғашқы төрағасы болып Ұлықбек Есдәулет сайланған. Ол енді Қазақстан жазушылар одағының төрағалығынан бас тартатынын және жаңа  сайлауға қатыспайтынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға