Жаңалықтар

Ұлыбританияда вандалдар Робин Гуд ағашын шауып тастады

Ұлыбританияда вандалдар Робин Гуд ағашын шауып тастады
Фото: РА 09.10.2023 08:11 683

Ұлыбританияда, Англия мен Шотландия шекарасына жақын жерде вандалдар Робин Гуд ағашын шауып тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл әлемдегі ең танымал ағаштардың бірі еді. Себебі дәл сол жерде 1991 жылы «Робин Гуд: ұрылар ханзадасы» фильмінің эпизодтары, көптеген сериалдар мен хабарлар түсірілген.

Мамандардың болжамынша, бұл ағаш бірнеше ғасырдан бері өсіп тұрған. Ал 2016 жылы ол Ұлыбританияда «жыл ағашы» деп танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға