Жаңалықтар

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің елімізге сапары кезінде білім беру бағытында бірнеше келісім жасалды

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің елімізге сапары кезінде білім беру бағытында бірнеше келісім жасалды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 24.04.2024 23:45 333

Ұлыбритания СІМ басшысының елімізге сапары аясында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақтілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.
 
Сонымен қатар, Нархоз университеті мен Белфасттағы Queen's University арасында филиал ашу туралы келісім жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға