Жаңалықтар

Ұлы дала жорығы: қазақ жылқылары әлемдік рекорд орнатпақ

Ұлы дала жорығы: қазақ жылқылары әлемдік рекорд орнатпақ
Фото: Түркістан облыстық әкімдігі 15.09.2023 03:38 460

Түркістан облысында «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850 шақырымды бағындырмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр.

«Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды бір атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын-соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға