Жаңалықтар

"Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр". Төреғали Төреәлі жазасын қалай өтеп жүр?

"Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр". Төреғали Төреәлі жазасын қалай өтеп жүр?
Фото: Видеодан кадр 17.10.2023 18:30 37930

Әнші Төреғали Төрәліге қатысты сот үкімі шығып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатыны белгілі болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Әнші қоғамдық жұмысты атқарып жүрген сәтінен видео жариялады. 

Бізге соттың үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған еді. Аллаға шүкір, түске дейін ағана саябақта болдық, қазір осындамыз. Бұл менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным, бұл менің отаным, елім, жерім, әлбетте, әнұраны мен көк туы бар елдің өзінің заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Міне, ұлы дала баласы өзінің ұлы даласын сыпырып жатыр, - деді әнші.

Ол мұндай жұмыстан еш намыстанбайтынын жасырмады.

Бұл ұят емес, өзіміздің ауламызды сыпырамыз, қоқыс төгіп келу деген сияқты, бұл жұмыстар айналып келгенде Пайғамбар сүннетіне келеді ғой негізі. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе? Аман болыңыздар! Ананың бәрін жинап тастадық, - деді Төреғали Төреәлі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға