Жаңалықтар

«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды

«Ұлы дала ағартушылары» электрондық кітапханасы құрылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 30.11.2023 21:41 583

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.

Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/  сайтынан көре аласыздар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға