Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандарға сот үкімі шықты

Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандарға сот үкімі шықты
Фото: ҰТО 25.05.2024 10:17 396

Сәуір айында Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкіміне кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК-нің мәліметінше, олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып отыр.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Соған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға