Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығындағы байқау сынақтарының базасы жаңартылды

Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған
Ұлттық тестілеу орталығындағы байқау сынақтарының базасы жаңартылды
Фото: egov.kz 09.12.2022 05:45 928

Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлайды El.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті саналатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға