460.87
501.56
6.57

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ нәтижелеріне талдау жасады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
almaty.tv
Фото: almaty.tv 30.11.2022 16:16 370

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-2022 нәтижелеріне егжей-тегжейлі талдау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Талдау жұмыстары мектептер, ауылдар, аудандар және облыстар бөлінісінде жүзеге асырылды.

Бұл ретте ҰТО мамандары тестіленушілердің гендерлік бөлінісі, тапсыру тілі және ҰБТ пәндері бойынша дұрыс жауаптарының саны мен пайызын анықтады.

ҰТО директоры Руслан Емелбаев зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

«Жалпы дұрыс жауаптардың үлесі 58%-ды құрады. Түлектер «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті, яғни сұрақтардың 82%-на дұрыс жауап берді. Одан кейінгі орындарда «Қазақ тілі» 64% және «Қазақ әдебиеті» 60% пәндері болды. «Физика» және «Химия» пәндері бойынша ең аз дұрыс жауаптар анықталды, тиісінше көрсеткіштер 40% және 38%-ды құрады. Егер гендерлік талдауды қарасақ, онда қыздардың (59%) нәтижелері ұлдарға (57%) қарағанда жақсырақ болды», - деп нақтылады Руслан Емелбаев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар