Ұлттық құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі – Еділ Жаңбыршин

Ұлттық құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі – Еділ Жаңбыршин
Фото: коллаж Еl.kz

Атырауда 15 наурыз күні Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құрылтай Ұлытау мен Түркістан облыстарында өткен еді. Жыл сайын Ұлттық құрылтайдың мүшелері жаңарып, толықтырылып отырады. Биылғы Ұлттық құрылтайдың Мәдени-рухани секциясында сөз сөйлейтіндердің қатарында мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бар. Депутат биылғы құрылтайдың ерекшелігі жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Атырау – Алтын орданың астанасы болған Сарайшық қаласы орналасқан тарихи өңір. Осы жағынан символдық мәні бар. Құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі. Өздеріңіз білетіндей, алдыңғы құрылтайларда дінге, вейптерге, лудоманияға, зорлық-зомбылыққа және өзге де өзекті тақырыптар қозғалып, заң жобасы дайындалып, Сенаттың қарауына берілді. Биыл да елді көп толғандырып жүрген тақырыптар мен рухани, экономикалық, әлеуметтік мәселелер талқыланады, - дейді мәжілісмен. 

Атыраудағы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы бүгін басталды. Құрылтай отырысы екі күнге созылады. Ертенгі отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысады.

Шараның бірінші күнінде азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым мен әлеуметтік-экономика және аймақтық даму тақырыптары көтеріліп жатыр. 

Ұлттық құрылтайдың мәдени-рухани секциясында жұмыс істеймін. Ол жерде қазақтың салт-дәстүріне, руханиятына қатысты мәселелер талқыланатын болады, - дейді Еділ Жаңбыршин.

Оқи отырыңыз