Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайда букмекерлік кеңселердің жұмысын тоқтатуды ұсынамын - Ислам Байрамуков

Ұлттық құрылтайда букмекерлік кеңселердің жұмысын тоқтатуды ұсынамын - Ислам Байрамуков
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 16.06.2023 14:25 795

Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алқалы жиында құрылтай мүшелері қоғамда өршіп тұрған проблемалардың шешімін табуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Ұлттық құрылтай мүшесі Ислам Байрамуков елдегі лудомания мәселесін көтеретінін жеткізді.

Біздің қоғамда тағы бір өзекті проблема бар. Бүкіл қалалар мен аймақтарда букмекерлік компаниялардың жарнамалары көп. Бұл біздің тарихымыз бен рухымызға кедергі келтіреді. Талай азаматтарымыз Геннадий Головкин сияқты кәсіби боксшыларымызға бәс тігіп, пәтерін сатып, үйін сатып, ұтылып қалады. Қазір Мәжілісте лудомония мәселесі көтеріліп жатыр. Себебі, бұл түбі жақсылыққа әкелмейтін нәрсе. Сондықтан тез арада шектеу қойылғаны жөн, - дейді Ислам Байрамуков.

Спортшының айтуынша, лудоманиядан тапқан жеңіл ақшаның құндылығы болмайды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға