Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай бірегей платформаға айналды – Аида Балаева

Ұлттық құрылтай бірегей платформаға айналды – Аида Балаева
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.03.2024 15:08 399

Ұлттық құрылтай ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей платформаға айналды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» жұмыс секциясының жиынында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Ертең Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтеді. Бүгін құрылтайдың жұмыс секцияларының жиыны басталды.

Ұлттық құрылтай ұлт зиялыларының қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылайтын, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірегей платформаға айналды. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысынан бастап жұмыс форматы өзгерді. Қазір «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық даму» деп аталатын 4 секция жұмыс істейді, - деді Аида Балаева.

Министр Ұлттық Құрылтайдың алдыңғы отырыстары мен жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Елімізде «Мемлекеттік наградалар туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайтарылды. 2023 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» атағынаТөлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды. Президент Жарлығымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына «Ұлттық» мәртебесі берілді. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың өңірлік рәміздерін әзірлеу және қолдану туралы Үлгілік ереженің жобасы дайындалды. Яссауитану ғылыми орталығының жұмыс тұжырымдамасы және 3 жылдық жұмыс жоспары әзірленді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға