Жаңалықтар

Ұлттық құрама сырт ойында баскетболдан Қатардан басым түсті

Ұлттық құрама сырт ойында баскетболдан Қатардан басым түсті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 27.02.2024 07:28 468

Бүгін баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде түзде Қатар құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аса тартысты өткен матчтың есебі: 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25).

Ұлттық құрама сапындағы ең нәтижелі ойыншы – Антон Быков (19 ұпай). Бірнеше күн бұрын Евгений Овсянников баптайтын команда Астанада Үндістанды сенімді жеңген.

Бүгінгі жеңістің арқасында Қазақстан Иранмен бірге Е тобында көш бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға