Жаңалықтар

Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстан әскери қызметшілері келді

Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстан әскери қызметшілері келді
Фото: Қорғаныс министрлігі 13.04.2024 16:40 353

Астанаға Өзбекстан Республикасы Қарулы күштері академиясы бастығының орынбасары подполковник Собир Авлиеевтің басшылығымен делегация келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік әріптестерді оқу орнының ғылыми-эксперименттік базасымен таныстырды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери университеттің магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына Өзбекстан Қарулы күштері академиясының әскери сарапшылары дәріс сабақтарын өткізді. 

Тараптар ұлттық қауіпсіздік, стратегия және жедел әскери өнердің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Өзбекстан әскери қызметшілері одан басқа ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты, - делінген мәліметте.

Бұл шара Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға