Жаңалықтар

Ұлттық қордан балаңызға ақша алу үшін не істеу керек?

Ұлттық қордан балаңызға ақша алу үшін не істеу керек?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.12.2023 11:33 9380

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

2006 жылы және одан кейін туған балалардың ата-аналары, қорғаншылық, қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері бағдарламаға қатысу үшін мынаны жасауы қажет:

  • Баланың жеке басын куәландыратын құжатын, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы тиіс;
  • БЖЗҚ, Электронды үкімет порталдарында баланың деректемелерінің бар-жоғын және дұрыстығын, кәмелетке толмаған баланың толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы дұрыс жазылғанын тексеру керек;
  • Электронды үкімет веб-порталындағы Жеке кабинетінің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруі тиіс.

Барлық баланың нысаналы жинақтау шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады. Қаражат АҚШ долларымен жинақталады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражатты екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға ақы төлеу үшін пайдалануға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға