Жаңалықтар

Ұлттық қордан балаларға ақша түспесе өтініш беруге мүмкіндік бар

Ұлттық қордан балаларға ақша түспесе өтініш беруге мүмкіндік бар
Фото: ortcom.kz 12.02.2024 15:38 896

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелгенін, оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі бірдей сома аударылғанын жеткізді.

БЖЗҚ өкілінің айтуынша, 6 миллион қатысушының  ішіндегі 304 815 бала биыл 18 жасқа толады.

Бұл азаматтардың жинақтаушы шоттарына нысаналы жинақтар ретінде ақша түсті. Осы тоғыз күннің ішінде БЖЗҚ-ына 100-ден астам өтініш келді. Оның ішінде 54-і білім беру ақысын төлеу, 49-ы тұрғын үй жағдайын жақсарту. Осы өтініштердің 63-і орындалып, уәкілетті операторларға белгіленген банк шоттарына төлемдер жүргізілді, 21-і қарастырылуда, 19-ы қабылданбады. Қабылданбау себептері кейбір азаматтарымыз бірнеше өтініш енгізген және сомасын не деректерін қате көрсеткен. Сондықтан ол азаматтар өтініштерін түзеп, қайтадан өтініш беруге мүмкіндіктері бар, – деді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.

Егер балада:

Жеке басын куәландыратын құжат жоқ, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;

Азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінген жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға