Жаңалықтар

Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді: Жаңа ереже қабылданбақ

Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді: Жаңа ереже қабылданбақ
Фото: newtimes.kz 24.03.2023 17:33 636

«Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулы жобасы бойынша, қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар пантеон аумағында жерленеді:

  • Қазақстан Республикасының президенттері;
  • Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;
  • министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;
  • «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар;
  • «Алтын қыран», «Отан», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;
  • «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар;
  • «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;
  • Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан)  жұбайлары жерленуі мүмкін»;

Айта кетсек, қолданыстағы талап бойынша ұлттық пантеон аумағына Қазақстан президенттері және олардың отбасы мүшелері жерленеді. Жаңа өзгеріске сай, енді бұл норма алынып тасталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға