Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі костюмының бағасы қанша екенін айтты

Ұлттық экономика министрі костюмының бағасы қанша екенін айтты
Фото: El.kz 27.10.2023 13:27 1574

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров костюмының бағасы қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Сенатта Үкімет сағаты өтті. Отырыста министр жаңа салық кодексіндегі салық саясаты туралы айтты. 

Сенат кулуарында министр «Сән-салтанат» заттарына қосымша акциздеу мәселесі қарастырылатыны жөнінде түсіндірді. 

Егер біз тек қана импорт тауарларын сатып алатын болсақ, өзіміздің өндірісіміз дамымай қалады. Бізде жұмыс орындары пайда болмайды. Сондықтан Қазақстандық өнімді дамытуымыз керек. Міне, костюмді көріп тұрсыз ба? Қазақстанда жасалған. Дәл осындай тауарларды арттыру керек, - деп министр өз костюмын көрсетті. 

БАҚ өкілі министрден «Сіздің костюмыңыз қанша тұрады?» деп сұрады.

90 мың теңге, - деп жауап берді Әлібек Қуантыров. 

Бұған дейін министр мүлікке салық салудың мөлшерін арттыру керек екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға