Жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Фото: El.kz 01.03.2023 11:40 914

Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге жетіп 3,2%-ға нығайды. Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты. Бағамның нығаюы «салық кезеңі» факторымен және шетелдік инвесторлардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға кіруімен де байланысты болды», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Бұған қоса БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық банк ақпанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды. Оның жалпы сомасы 226 млн АҚШ долларына шықты немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 9% болды.

Ақпанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға