Жаңалықтар

Ұлттық банк теңге неге әлсіреп жатқанын түсіндірді

Ұлттық банк теңге неге әлсіреп жатқанын түсіндірді
Фото: esquire.kz 16.03.2023 13:34 1017

Ұлттық банк валюта нарығындағы өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы күндері әлемде болып жатқан оқиғалар ішкі валюта нарығына да әсер етіп отыр. АҚШ доллары айтарлықтай құбылып, ұлттық валютаның әлсірей бастағаны сезілді. Бұл мұнай бағасының барреліне 73-74 доллар деңгейіне дейін төмендеуімен қиындай түсті. Әйтсе де, АҚШ пен Еуроаймақ банктеріндегі жергілікті дағдарыстардың Қазақстанның қаржы нарығына ықпалы шектеулі. Сақталған профицитті ескергенде, банк жүйесіндегі өтімділік жеткілікті, – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк валюта нарығындағы өтімділікті сақтау және айырбастау бағамының күрт ауытқуын реттеу үшін валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтайды.

Бұл теңгенің ақылға қонымды құбылмалылығын шектемей, бағам белгілеудегі нарық тетіктерін қолдайды дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда интервенциялар жүргізіледі және тиісті ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады, – деп жазылған ҰБ хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға