Жаңалықтар

Ұлттық банк ресми валюта бағамын ұсынды

Доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеген
Ұлттық банк ресми валюта бағамын ұсынды
Фото: egemen.kz 08.11.2022 13:37 1587

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 8 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz

1 доллар құны – 464,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге өсіп, 7,59 теңге болды.

Кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 464,39 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 - 468 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 465 - 469 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,07 - 7,27 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға