Жаңалықтар

Ұлттық банк халықаралық төлем карталарымен келісім жасады

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті
Ұлттық банк халықаралық төлем карталарымен келісім жасады
Фото: inbusiness.kz 03.11.2022 10:14 1292

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері төлем карталарын (интерчейндж мөлшерлемелерін) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банкаралық ішкі ұлттық комиссия мөлшерлемелерінің  шекті мөлшерін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz

Келісімнің талаптарына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін Төлем карталарының халықаралық жүйелері интерчейндж мөлшерлемелерін бірден 2 есе төмендетуге міндеттеледі.

Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады:

  • жаппай сегментте (Classic, Gold және басқалары) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (1,80%-2,0%-дан) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,0%-ға дейін төмендейді;
  • премиум сегментте (Platinum, World және басқалары) бірінші кезеңде қазіргі мөлшерлемелерден (шамамен 2,40%-дан) 1,80%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,20%-ға дейін төмендету көзделеді;
  • супер премиум сегментте (Infinite, World elite, Diamond және басқалары) бірінші кезеңде мөлшерлемелер қазіргі мөлшерлемеден (шамамен 2,45%-дан) 2,0%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,40%-ға[1] дейін төмендейді.

Қолма-қол ақшасыз карталық төлемдер бойынша банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем индустриясының одан әрі дамуына оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, «көлеңкелі экономиканың» азаюына оң әсерін тигізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға