Жаңалықтар

Ұлттық банк бүгінгі валюта бағамын белгіледі

Ұлттық банк бүгінгі валюта бағамын белгіледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 10:15 335

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 6 маусымға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448,71 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,52 теңге.

5 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,44 теңгеге қымбаттап, 448,60 теңге болған. Ресей валютасы 5,50 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446 – 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,5– 449,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,39 – 5,69 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5, 45 – 5,55 теңгеден саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға