Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру себебін түсіндірді

Маусым айынан бастап депозиттің артып, жалпы көлемі тарихи шек 30 трлн теңгеге жеткен
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру себебін түсіндірді
Фото: lsm.kz 05.12.2022 16:09 1331

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 2022 жылы 6 желтоқсаннан бастап 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Шешім инфляциялық қысымды төмендетуге және инфляциялық күтуді тұрақтандыруға бағытталған. Осы шешім 2025 жылға дейін жаңартылған болжам мен нақты деректі талдау негізінде қабылданды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіру цикілін аяқтауға жақындады. Қабылданған шаралар қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономика субъектілерін жинақтау белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді», – дейді Ұлттық банк төрағасы.

Маусым айынан бастап депозит артып, жалпы көлемі тарихи шек 30 трлн теңгеге жеткен.

«Депозиттердің долларлануы биылғы жылғы ең жоғарғы деңгей ақпан айында 38,4 пайыз, қазан айының соңында 35,3 пайызға дейін төмендеді. Екінші волюта нарығы өз баланысын табуда. Сәуір айынан бастап Ұлттық банк шетел волютасын сату бойынша интервенция жүргізген жоқ. Біз экономикадағы дисбаланасты жинақтауын болдырмайтын икемді баға белгілеу ұстаным режимін жалғастырамыз. Сараланған саясат банктердің экономиканы несиелеуі оң өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен қазан айында экономикаға берілген кредиттер халық пен бизнесті теңгедей кредиттеу есебінен жылдық мәнде 21 жарым трлн теңгеге дейін 24,9 пайызға өсті. Ал биылғы жылдың басынан бері 16,1 пайызға жетті. Базалық мөлшерлеме жөніндегі шешім осы процесті нығайта түседі және орта мерзімді кезеңде инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу бойынша ықпал етеді. Бұдан былай қабылданатын шешімдерде нақты инфляцияның болжамды бағамдарына сәйкес келетініне назар аударамыз», – деп атап өтті ҚҰБ төрағасы.

Брифингте Ұлттық банк төрағасы 2022 жылдың қараша айында инфляция жылдық мәнде 19,6 пайызға жетіп, 24,1 пайызға дейін жеделдеген азық-түлік өнімінің бағасының өсуі инфляцияға ең көп үлес қосқанын тілге тиек етті.

«Базалық инфляцияның жоғары деңгейде қалыптасуы жалғасуда. Айлық мәндегі инфляция туралы айтатын болсақ, биылғы жылы қараша айында алдыңғы екі аймен салыстырғанда 1,4 пайызға дейін баяулағанына қарамастан, көп жылғы орта деңгейден асып, жоғары деңгейде қалуда. Халықтың инфляциялық күтулері тарихи ең жоғарғы деңгейге жақын болып отыр. Биыл қараша айында инфляцияның медианалық бағалау 18,2 пайыз болды. Ал төртінші тоқсанда кәсіпорындардың инфляциялық күтулері де рекордтық мәнге жетіп 17,6 пайыз болды. Тауар жеткізу жолының бұзылуына байланысты тұрақсыз инфляциялық күтулер қысқа және ұзақ мерзімді тауарды тұтынуда тұрақты инфляциялық қысымға алып келуде», – деді ҚҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға