Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдырды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.05.2023 13:20 607

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжамдары деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау негізінде қабылданды.

Сыртқы ортаның проинфляциялық қысымы бәсеңдеп келеді. Әлемдегі инфляция, атап айтқанда, сауда-серіктес елдердегі инфляция қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен, баяулай бастағынын көрсетіп отыр. Тұрақты нақты айырбастау бағамы аясында сыртқы бағалардың мейілінше баяу өсуі елдегі инфляцияның бәсеңдеуіне қолайлы жағдай жасап отыр. Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының өсуі мен күтілетін тұрғын-үй коммуналдық қызмет (ТКҚ) тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталуда, - делінген мәліметте. 

Осылайша, қазіргі уақытта сыртқы инфляция тарапынан қысымның әлсіреуі есебінен тәуекелдердің жиынтық балансы дезинфляциялық факторлар жағына аздап ығысты. Бұл 2022 жылғы қыркүйектен бастап инфляцияның тұрақты бөлігіндегі көрсеткіштердің баяулауын қоса алғанда, осы жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлеменің біртіндеп және баяу төмендеуіне мүмкіндік тудыруы ықтимал.

Базалық сценарийде биыл жылдық инфляция 11-14%, 2024 жылы – 9-11%, 2025 жылы – 5,5-7,5% шегінде болжанады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға