Жаңалықтар

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

Белгілі өнертанушы әр бұйымның тәрбиелік мәні бар екендігін айтты
Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген
Фото: Марат Амиров. Бахаргүл Төлегеннің жеке архиві 03.02.2023 08:36 1670

Қазақ - өте өнерлі халық. Олардың тұрмыстық заттарында мән-мағына үйлесім тапқан. Тіпті, қарапайым дүниелердің өзіне таңғажайып суреттерді, ою-өрнек қалдырған. Әсіресе, қазақ зергерлерінің қыз-келіншектерге арналған әшекейлері мен киім-кешектері ерекше ізденіспен қатар, күрделі тәсілдермен де жасалған. Бұйымдар сонысымен де әдемі. Бүгінде бұл дәстүр үзілген жоқ. Зергерлік бұйымдар ұлттық нақышта әрі заманауи реңкте жасалып жүр. Мысалы, елімізде кеңінен танымал «Әдемі-ай» бренді қазақы бұйымдарды халық игілігіне ұсынып келеді.

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

«Әдемі-ай» компаниясы 2000 жылы құрылған. Мұндағы мамандар республикада алғаш рет ұлттық нақыштағы кәдесый өнімдерін шығарумен кәсіби түрде айналысып келеді. Қазір олардың Қазақстанның әрбір өңірінде өкілдіктері бар.

«Әдемі-ай» компаниясының бас кеңсесі 2011 жылы Алматыда ашылған. Оның екінші қабатында өнер мұражайы орналасқан. Мұражайда келушілерге «Әдемі-ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлегеннің жеке коллекциясынан  шыққан 1000-нан астам жәдігер ұсынылған. Айта кету керек, Бахаргүл Төлеген – Қазақстан Республикасының белгілі өнертанушысы және мәдени қайраткері. 

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

Оның дүкендерінде зергерлік бұйымдардан бөлек ұлттық нақыштағы киімдер де бар. Былтырғы жылдың соңында «Әдемі-ай» компаниясы жүннен жасалған шапандарды сатылымға шығарды.

Жүннен жасалған бұйымдардың денсаулыққа пайдасы мол екенін білесіздер. Қой жүнінің жылуды реттеп, суықты өткізбейтін қасиеті бар. Сондай-ақ жүннен жасалған киімдер мен бұйымдардың құрамында арнайы воск, яғни балауыз болады. Ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. 35-37 градус температурада ериді әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етеді, - дейді Бахаргүл Төлеген.

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

Компанияның өнімдерінен ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүрін, тарихын және бүгінін де көруге болады.

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

Мұндағы кәдесыйлар Қазақстанға келген шетелдіктер үшін сұранысқа ие. Сондай-ақ компания басшылығы әлемнің 55 елінде дүкені бар Түркиядағы ең үлкен компанияның басшыларымен келіссөз жүргізіп, әлемдік нарықта ұлттық әшекейлер мен қазақы кәдесыйлардың таралымын арттырмақ ниетте. 

Бренд иелерінің айтуынша, тоқыма және тігін өндірісі жақсы дамыған Түркияның фабрикаларымен де байланыс орнату аса маңызды. Мұндағы басты мақсат – тұтынушыларды сапалы дүниемен қуанту.

Ұлттық әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды - Бахаргүл Төлеген

Әрине, басымдық ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлерге беріледі. Өйткені, компанияның өзгелерден ерекшелігі де осында жатыр. Бұл ретте Бахаргүл Төлеген саудаға шығарылған бұйымдарға тауар ретінде емес, құнды жәдігер, өнер туындысы ретінде қарайды.

Әшекейлер тек сәндік үшін тағылмайды! Әр бұйымның тәрбиелік мәні бар. Мәселен, өңіржиек әшекейін алайық. Өңіржиектің тақтасы көп болған сайын «көп балалы, алтын құрсақты ана болсын» деген мағынаны меңзейді. Өңіржиектің жан-жағындағы салпыншақтар ұрпақтың өсіп-өркендеуі, оның жалғастырушы әйел адамның рөлі, өсімдік тектес өрнектің барлығы қанат жаю, өмірдің жалғастығын, жаймашуақ күндерді, көбеюді білдіреді, - дейді компания жетекшісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға