Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін

Elsport YouTube арнасының кезекті шығарылымында қонақта футбол комментаторы әрі сарапшы Олжас Байбосын болды. Бұл жолы біз ҚПЛ-дың 10-турын талқылап, биыл қай команда чемпион болуы мүмкін екенін сөз еттік. Сонымен қатар Олжас Байбосын өзіне жазылған хейттер туралы пікір білдіріп, Бабаянның “ойыншылар 100 мың теңгеге ойнамайды” деген мәлімдемесіне қатысты ойын айтты. Қазақ футболындағы қазіргі жағдай, жанкүйерлер пікірі мен алаң сыртындағы әңгімелер де назардан тыс қалмады.