Жаңалықтар

Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға шықты

Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға шықты
Фото: instagram.com/euro2024 15.06.2023 10:30 787

Футболдан Хорватия құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хорватиялық футболшылар жартылай финалда Нидерланд құрамасымен кездесті. Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен аяқталды.

Нидерланд сапынан Дониэлл Мален – 34, Ноа Ланг 96-минутта мергендік танытса, оған хорватиялық Андрей Крамарич – 55, Марио Пашалич 72-минутта екі голмен жауап қайырды. Ал қосымша кезеңде Бруно Петкович – 98, Лука Модрич 116-минутта пенальтиден соққан голы қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, Хорватия қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Енді маусымның 15-нен 16-на қараған түні Испания мен Италия финалдың екінші жолдамасын алу үшін ойын өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға