Жаңалықтар

Үлкен Талдыкөлдің көлемін 5 есе көбейтеміз - Жеңіс Қасымбек

Үлкен Талдыкөлдің көлемін 5 есе көбейтеміз - Жеңіс Қасымбек
Фото: instagram.com/sos.taldykol 30.06.2023 13:43 954

Журналист тарапынан Талдыкөл мәселесіне қатысты Астана қаласының әкіміне тікелей сұрақ қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Талдыкөлдің орнындағы көлді сақтап қала аламыз ба? Ең басты мәселе Талдыкөлдің аумағында саябақ салынады деген әңгіме болған еді. Бірақ құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Тадыкөлге үлкен саябақ салу мәселесі назардан тыс қалып қойған жоқ па деген сауал қойды. 

Біз экологтармен және белсенді азаматтармен бұл мәселені шешу жолдарын ақылдасып жатырмыз. Үлкен Талдыкөлдің көлемі бұрын 50 миллион куба метр су болатын. Ал 2000 жылдары бұл көрсеткіш 10 миллион болса, қазір 1 миллионнан аз болып отыр. 2015 жылдан бастап кәріз арқылы Талдыкөлге баратын суды тазалатып, Есіл өзеніне жібергенбіз. Енді министрлікпен келісіп ол суды үлкен Талдыкөлге беретін болдық. Екі апта болды су сол жаққа жіберіліп жатыр. Үлкен Талдыкөлдің көлемін 5 есе көбейтеміз. Оған бір-екі жыл керек. Жыл соңына дейін қалыпқа келтіреміз деп отырмыз, – деді әкім. 

Ал саябаққа қатысты мәселе негізінде оның жобасы дайындалып жатқанын және оны салу жолдарын қаланың тұрғындарымен ақылдасу арқылы шешілетінін айтты. 

Бұрынғы өзеннің орнына тал өсе ме, өспей ме деген қиындықтар бар. Оны эколог мамандармен келісіп пікірлерін тыңдап жатырмыз. Ал жаңа құрылыс бұл жерде болмайды, – деді әкім Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға