24 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасы УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.
Футбол көрсетілімдері 24 қараша күні сағат 22:30-да Чемпиондар лигасы аясындағы «Галатасарай» және «Астон Вилла» клубтары арасындағы матчтан басталады. 24 қараша 00:50-де Англияның «Манчестер Сити» және Италияның «Наполи» командалары кездеседі.
25 қараша күні сағат 22:30-да «Славия» және «Вильярреал» клубтары ойнайды. Сағат 00:50-де Италияның «Интер» командасы Германияның «Штутгарт» клубын қабылдайды.
26 қараша күні Еуропа лигасының матчтары басталады. Сағат 22:30-да «Сельта» және «Борнмут» командалары, 00:50-де «Спарта» және «АЗ Алкмаар» клубтары кездеседі.
Матчтарды еліміздің белгілі спорт комментаторлары Есей Жеңісұлы, Жандос Айтбайұлы, Ернұр Дүйсенғазы, Еламан Әмірғазы, Дмитрий Нестеренко, Ербол Қайыров және Санжар Ақатаев комментаторлық етеді.
«Хабар» телеарнасы футбол жанкүйерлеріне Еуропаның беделді клубтық турнирлерін телеэфирден ғана емес, интернет арқылы да тікелей көруге мүмкіндік береді. Көрермендер матчтарды арнаның сайтынан онлайн тамашалай алады.