Жаңалықтар

Үлбі өзенін ластаған ЖШС 50 млн теңге айыппұл төлейді

Үлбі өзенін ластаған ЖШС 50 млн теңге айыппұл төлейді
Фото: Экологиялық реттеу және бақылау комитеті 19.02.2024 10:52 344

2024 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша «Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті. 

Сондай-ақ тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды, - делінген мәліметте.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Казцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға