Жаңалықтар

Украинада психолог бұрынғы әйелін бөлшектеп, денесін өртеп жіберген

Украинада психолог бұрынғы әйелін бөлшектеп, денесін өртеп жіберген
Фото: t.me/ru2ch 29.02.2024 09:33 1065

Украинаның Харьков қаласында психолог бұрынғы әйелін өлтіріп, бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екеуі ажырасып кеткеніне қарамастан, ер адам үнемі бұрынғы әйелін әлеуметтік желілер арқылы сырттай бақылап жүрген. Бірде оның әріптесінен келген хабарламаны оқып, бойын қызғаныш билеген. Тиісінше әйелді жазалауды жөн көреді. Ол үшін әйелдің үйіне қал-жағдайын білу үшін келгенін айтып, оны өлтіреді. Қылмысын жасыру үшін оның денесін бөлшектеп, өртеп жіберген.

Қылмыскер мен жәбірленуші көп жыл бір шаңырақ астында тұрған, олардың 12 жасар ұлы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға