Жаңалықтар

Украинада полицей зейнеткерді көлігімен екі рет басып өтті

Украинада полицей зейнеткерді көлігімен екі рет басып өтті
17.08.2023 17:25 1303

Украинаның Одесса облысында полиция қызметкері 81 жастағы зейнеткер әйелді көлігімен екі рет басып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әйелімен бірге (ол полиция қызметкері) үйінің ауласынан шығып келе жатып қарт кісіні көлікпен басып өтті. Ең сорақысы, олар зейнеткерді сол маңдағы орындыққа жатқызып, жедел жәрдем шақырған да, өздері оқиға орнынан кетіп қалған.

Алған жарақатынан зейнеткер ауруханада көз жұмды.

Жүргізуші ұсталды, ал оның әйелі қызметінен шеттетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға