Жаңалықтар

Украина Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасын ұсынды

Біздің келісімімізсіз олар елші тағайындай алмайды
Украина Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасын ұсынды
Фото: inform.kz 05.12.2022 19:10 778

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина тарапы жаңа елшінің кандидатурасын ұсынғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұрын брифингтерде хабарланғандай, украин тарапы жаңа елшіні ұсынды. Қазір бұл кандидатураны қарастырып жатырмыз. Біздің келісімімізсіз олар елші тағайындай алмайды. Бұйрық осындай», - деді БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің арандатушылық мәлімдемесі үшін оған наразылық білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға