Жаңалықтар

«Үкімге наразылық білдіреміз»: Бас әскери прокурор өз-өзіне қол салған сарбаздың үкіміне қатысты

«Үкімге наразылық білдіреміз»: Бас әскери прокурор өз-өзіне қол салған сарбаздың үкіміне қатысты
Фото: Бас әскери прокуратура 14.09.2023 12:12 904

Бас әскери прокурор Дастан Секенов былтыр Жамбыл облысында өз-өзіне қол салған әскер Мираш Бекболдың сот үкіміне қарсы наразылық білдіретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша ісі жеке шығарылды да, бізге жіберілді. Біз ол үкімге қарсы наразылық білдіреміз. Біздің нұсқа бойынша әскеридің (әскердегі бөлімше командирінің – ред.) әрекеттерінің нәтижесінде өз-өзіне қол салған. Адвокатының (бөлімше командирінің адвокаты – ред.) аргументтерінің барлығын тексердік, барлығына жауап бердік және адвокаттар да наразылық білдірген жоқ, - деді Дастан Секенов.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысында әскери қызметін өтеп жүрген Мираш Бекбол өз-өзіне қол салған болатын. Бұл іс бойынша бөлімше командирі Айбек Нұртаев сотталушы болған. Сот оны «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ақтады, бірақ «бопсалау мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны» үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бас әскери прокурордың айтуынша, бөлімше командирі Айбек Нұртаев жас сарбазды «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені» үшін де сотталуы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға