Жаңалықтар

Үкіметтің толық құрамы жасақталды

Үкіметтің толық құрамы жасақталды
Фото: El.kz 04.04.2023 15:21 791

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ  Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.

Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға