Жаңалықтар

“Үкіметтегілер бізді ұната бермейді”. Дәулет Мұқаев мәжілістегі жұмысы туралы айтты

“Үкіметтегілер бізді ұната бермейді”. Дәулет Мұқаев мәжілістегі жұмысы туралы айтты
Фото: instagram.com/daulet_mukayev 26.09.2023 15:40 20796

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында Парламентте атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ринат Зайытов қайда? Неге көрінбейді? Аман ба? деген сұрақтар өте көп келуде. Ринат күнде жұмыста. Тіпті әр отырыста қасымда отырады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде 17 депутат бармыз. Комитет төрағасы Асхат Қанатұлы мырза. Кейде маған дәл осы комитет Парламенттегі ең шуылдақ комитет секілді көрінеді. Екі мағынада да шуылдақпыз. Әрі Үкіметтегілер (министр, вице-министрлер) де бізді ұната бермейді. Бетімізге айтпаса да, білініп тұрады. Дәл біздің комитет отырысына келгенде солардың арасында "Бисмиллаһ" деп кіріп, сөз бастайтындар да бар, - деп жазды мәжілісмен.

Оның айтуынша, біршама заң жобалары көңілден шыға бермейді.

"Пысықтаңыздар" деп қайтарып жіберетін жағдайлар жетерлік. Бұрын мен оқыған класс болсын, группа болсын мұғалімдеріміз "ең шуылдақ сендерсіңдер" дейтін еді. Кейде сол есіме түсіп кетеді. Шуылдақ қана емес, шырылдап кететініміз тағы бар... 17 депутат арасында барлық партия мүшесі, жеке мандатты депутатқа дейін бармыз. Түрлі ой, түрлі көзқарасымыз болса да, біз комитет болып бір қайықта екенімізді түсінеміз, - деп жазды Дәулет Мұқаев.

Негізі 98 депутат түрлі 7 комитетке бөлінген. Әр комитетте отырыс, жұмыс тобы, дөңгелек үстелдер, көшпелі отырыстар болып тұрады.

Бір отырыстан шығып, екінші отырыс. Арасында 30 минут, 1 сағаттық үзіліс болып тұрады. Сол кезде де біздің комитет мүшелері бас қоса қалсақ, улап-шулап қаламыз. Дүйсенбіден жұмаға дейін солай. Демалыс күндері көбінесе қоғамдық іс-шараларда жүреміз, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға