Жаңалықтар

Үкіметтегі жалғыз үйленбеген министр "бай адам" ұғымының енгізілуіне қатысты пікір білдірді

Үкіметтегі жалғыз үйленбеген министр "бай адам" ұғымының енгізілуіне қатысты пікір білдірді
Фото: primeminister.kz 26.04.2023 18:09 1065

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарларында Қазақстанда "бай адам" ұғымының енгізілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бай адамға қатысты түсінік әртүрлі ғой. Ыбырай Алтынсарин қазақтардың байлығы еңбек пен қанағат деген болатын. Байлықты ақшамен өлшеу қиын, - деді Әлібек Қуантыров.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа Салық кодексіне «бай адам» ұғымы енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді. Тілшілер Әлібек Қуантыровтан осы туралы сұрады.

Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық, -дейді министр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға