Жаңалықтар

Үкіметте тау-кен металлургия кешеніндегі кәсіпкерлік мәселелері қаралды

Үкіметте тау-кен металлургия кешеніндегі кәсіпкерлік мәселелері қаралды
Фото: El.kz 31.03.2023 13:27 716

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Онда тау-кен металлургия кешеніндегі бизнестің түйткілді мәселелері қаралды.

Қатысушылар экономикалық өсімнің және Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудың драйвері ретінде жер қойнауын дамытудың жалпыұлттық басымдығын әзірлеу жөніндегі бизнес-қоғамдастықтың ұсынысын талқылады. 

Сондай-ақ тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыт-бағдары, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ ұлттық даму институттары арқылы тау-кен өндіру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға