Жаңалықтар

Үкіметте өңірлердің маусымаралық көкөністермен қамтамасыз етілу балансы талқыланды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті
Үкіметте өңірлердің маусымаралық көкөністермен қамтамасыз етілу балансы талқыланды
Фото: ҚР СИМ 11.03.2023 20:45 1293

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен апта сайын өтетін сенбіліккеңесте өңірлердің негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

СИМ Сауда комитетінің мәліметінше, өткен аптада қант (0,6%), қарақұмық (0,4%), тауық (0,3%), сүт (0,2%), пияз (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Сәбіз мен күнбағыс майының бағасы тұрақты болып қалады. Өсім қырыққабат (1,1%), күріш (0,9% ), айранға (0,6%) тіркелді.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық – түлік бағасының 0,1% - ға төмендеуі байқалды: ӘМАТ барлық түрлеріапта бойы өспеген, күнбағыс майы (0,5%), қырыққабат (2,8%), қант (1,5%), жұмыртқа (0,4%) сынды тауарлардың бағасы төмендеген.

Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, көкөністерге, атап айтқанда, қырыққабатқа бағаның өсуінің негізгі себебі нарыққа өнім шығарудың жеткіліксіздігі болып табылады. Мысалы, Жамбыл облысында 1 ақпанда қорларды брондау басталғаннан бері қырыққабат бағасы маусымаралық қажеттіліктің 7% есебінен 5,7% - ға өсті. Түркістан өңірінде қырыққабаттың құны 3%қажеттілік көлемінен 3,8%-ға өсті. Бұл ретте қырыққабаттың ең көп көлемі Батыс Қазақстан (100%), Атырау (34%), Қарағанды (26%) облыстарында сатылды және мұнда бір апта ішінде баға өспеген.

«Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша көптеген өңірлерде көкөністердің расталған қорларының жетіспеушілігін көріп отырмыз», - деп атап өтті Айдар Әбілдабеков - «Қазір нарықты біркелкі толтыру үшін өңірлер арасында көлемді бөлуді пысықтап жатырмыз».

Сондай-ақ, әкімдіктерге күн жылынуына басталуымен жәрмеңке маусымын ашу ұсынылды.

«Тұрақтандыру қорларының негізгі міндеті-нарыққа реттеуші әсер ету. Өткен аптада мен қалыптасқан қорлардан көкөністердің максималды көлемін сауда орындарына жіберуді тапсырдым. Мұны жасаған өңірлер бағаның нөлдік өсуін көрсетіп отыр», - деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға