Жаңалықтар

Үкіметте маусымаралық көкөніс және отандық қант айналымы талқыланды

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қаралды
Үкіметте маусымаралық көкөніс және отандық қант айналымы талқыланды
Фото: primeminister.kz 11.12.2022 07:34 715

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары- - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға жағдайына әсер етудің негізгі факторлары және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды El.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңесте делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының нәтижелеріне баса назар аударылды.  

Монополиялық жоғары бағалар мен баға келісімін белгілеу белгілері бойынша Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында құс фабрикаларына қатысты 7 тергеу басталды.

Кеңесте Сауда және интеграция министрлігі жасаған бағаларды тежеу жөніндегі жұмыстың тиімділігі бөлігінде әкімдіктер рейтингінің аралық қорытындылары айтылды.  

Тауардың делдалдар арқылы жоғары үстемемен сұр схемалар бойынша өтуі – бұл мемлекеттік бақылаудың жоғалуының нәтижесі, бұл қазіргі шындық, бүгінгі бағаның қалай қалыптасып отырғаны, жер-жерде жауапты адамдардың азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын бірінші орынға қоймауы. Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық тобы бойынша ЭШФ талдау бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс. Сауда үстемесін бұзу тәжірибесін тоқтату керек, ол үшін барлық өңірлік комиссиялар Сауда комитетінің үйлестіруімен жұмыс алгоритмдерін қайта қарап, аптасына кемінде 2 рет отырыстарда бағаның күрт көтерілу себептерін талдап, анықтауы қажет, - деді Серік Жұманғарин.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі әрбір кеңесте отандық қант зауыттарына айналымдық қаржыландыруды бөлу процесіне және алдағы маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға