Жаңалықтар

Үкімет қаулысы: 635 запастағы офицер әскерге шақырылады

Үкімет қаулысы: 635 запастағы офицер әскерге шақырылады
26.05.2023 11:02 663

Биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Оған сәйкес, 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны:
 
ҚР Қарулы күштері – 550;
 
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 60;
 
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 16;
 
ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 9.
Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.
 
Айта кетейік, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған еді. Дегенмен, оған өзгеріс енгізіліп отыр. Енді шақырылатын офицерлер саны 635 болып бекітілмек.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға