Үкімет отырысында Жасұлан Мәдиев ант берді
![Үкімет отырысында Жасұлан Мәдиев ант берді Үкімет отырысында Жасұлан Мәдиев ант берді](/storage/storage/element/2024/05/10/mainphoto/103152/1200xauto_8yWlKkUebjrPIibQaR3ioQOUIRpawVexQg8yVrmF.jpg)
Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған цифрлық даму және инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін, - деді министр.
6 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасұлан Мәдиевті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындады.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)