Жаңалықтар

Үкімет отырысы енді аралас форматта өтеді

Үкімет отырысы енді аралас форматта өтеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.09.2023 15:18 805

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұдан былай Үкімет отырысы аралас форматта өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің сөзіне қарағанда, жиынға тек баяндамашылар оффлайн қатысып, ал басқалары онлайн қатысады.

Үкімет отырысын аралас форматта (баяндамашылар – оффлайн, басқалары – онлайн) өткізу тәртібіне қатысты аз-кем ақапарат бере кеткіміз келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ өкілдері мен министрлер кабинетінің барлық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл жұмысын үйлестіруге және көмектесуге дайын, - деді ол.

Яғни тілшілер қауымы Үкіметтің кез келген мүшесінен кулуарда сұхбат ала алмайды деген сөз.

Балаева ай сайын журналистерге арналған брифинг өткізілетінін де тілге тиек етті.

Сондай-ақ министрлер ай сайын саланың өзекті мәселелері бойынша журналистерге арналған брифинг өткізетінін атап өткім келеді. Бұл процедура барлық БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететініне сенімдімін, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға