Жаңалықтар

Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті

Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті
Фото: primeminister.kz 14.10.2023 10:28 886

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті

Барлық бағыттардағы тұрақты байланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етуде.

Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, - деді Ғ.Қойшыбаев.

Өз тарапынан М. Әл-Гаргауи қазақстандық әріптестеріне БАӘ Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесінде қолданылатын цифрлық шешімдерді таныстырды.

🇰🇿Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті
🤝Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті
🇦🇪Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті

Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға