Жаңалықтар

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды
Фото: primeminister.kz 02.09.2023 17:49 5060

Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

🟢Премьер-Министр мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны таныстыра отырып, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында креативті индустрияны ауқымды дамыту бойынша бірқатар міндет қойғанын атап өтті.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, креативті индустрияға қатысушыларды қолдау шаралары бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, әр өңірде креативті индустрия орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Жаңа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті таныстыру барысында Үкімет басшысы ведомствоның алдында ішкі сауданы дамыту, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету, республиканың сауда-саттықтағы әріптестерімен интеграция салалары бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

Көлік министрлігінің ұжымына Марат Қарабаевты таныстыра отырып, Премьер-Министр республиканың көлік-логистика саласын одан әрі дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы Светлана Жақыпованы таныстыра отырып, Үкімет басшысы ведомствоның алдында үлкен міндеттер тұрғанын, республика азаматтарының әл-ауқатының деңгейі оларды тиімді шешуге байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл жұмысқа орналастыруға, еңбек дауларын шешуге, зейнетақы, жәрдемақы тағайындауға және т.б. қатысты

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

Ермек Маржықпаевты Туризм және спорт министрлігінің ұжымына таныстыру аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымға таныстырды

 Премьер-Министр жаңадан тағайындалған барлық министрлер мен тиісті ведомстволардың ұжымдарына жемісті жұмыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға