Жаңалықтар

Үкімет азық-түлік қымбаттауының басты себебін атады

Негізгі мәселе – сақтау орындары өте аз
Үкімет азық-түлік қымбаттауының басты себебін атады
Фото: baq.kz 22.11.2022 15:17 1372
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Негізгі мәселе – біз өнімді ең қажет уақытқа дейін – көктемнің басынан ортасына дейін сақтай алмаймыз. Сақтау орындары өте аз. Оның ішінде әсіресе климат бақылауы бар орындар аз", - деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Оған мысал ретінде 1,5 жыл ішінде сүт өнімдері, тауық еті өндірісін арттырған Солтүстік Қазақстан облысы туралы айтты.

"Ол үшін қаражат көп қажет болған жоқ. Бүгінде біз сол тәжірибені сараптай келе оны биыл да қайталағымыз келеді. Әр облысқа 20-25 млрддан бөлуге болады", - деп қосты Серік Жұманғарин.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға