Жаңалықтар

Үкімет 10 айдың қорытындысын жасады

Үкімет 10 айдың қорытындысын жасады
Фото: t.me/KZgovernment 15.11.2023 10:08 1163

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде 10 айдың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы:

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсімі 4,9%-ті құрады. Нақты сектор экономикадағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұнай және табиғи газ өндіру есебінен тау-кен өнеркәсібінде өсім 6%-тен асты. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3%-тен жоғары болды. Машина жасау 27%, оның ішінде автомобиль жасау 42%-ке өсті, – деп атап өтті.

Сондай-ақ ол жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру бағытында бизнесті белсенді қолдау керектігін атап өтті.

Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында біз инфляция деңгейін 10,8%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік алдық. Жыл соңына дейін инфляцияны 2 есеге азайту үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойыншаш аралар кешеніндегі барлық жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асырудық амтамасыз ету қажет, – деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға