Жаңалықтар

Уимблдон: Рыбакина ширек финалда жеңіліп қалды

Уимблдон: Рыбакина ширек финалда жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 12.07.2023 21:14 709

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді - 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).

Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетті - 6:4, 6:1.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға