Жаңалықтар

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

18 қыркүйек күні Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығып, тәуелсіздік алуына байланысты референдум өтеді. Референдумның қалай аяқталатынын әлі ешкім дөп басып айта алмайды, шотландтықтар арасында тәуелсіздікті қолдаушылар да, қолдамайтындар да бар.
16.09.2014 09:16 5675

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

18 қыркүйек күні Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығып, тәуелсіздік алуына байланысты референдум өтеді. Референдумның қалай аяқталатынын әлі ешкім дөп басып айта алмайды, шотландтықтар арасында тәуелсіздікті қолдаушылар да, қолдамайтындар да бар.

Әрине, кез келген ұлт тәуелсіздікке ұмтылады, дегенмен Шотландия халқының өз алдына бөлек өмір сүруге ұмтылуының өзге де бір себебі болуы мүмкін. Ал ол себептерді білу үшін не Шотланд елінде өмір сүріп келу керек, не сол елдің тарихымен, мәдениетімен танысу қажет. Соңғысын орындаудың ең тиімді жолы – бұл тарихи көркем фильмдер қарау, егер әрине қарастырылып отырған ұлт туралы сондай фильм болса. Біздің жағдайымызда, бағымызға орай, мұндай фильм бар және ол – «Батыл жүрек». 

«Батыл жүрек» (Braveheart) – шотландтықтардың ағылшын отаршылдығына қарсы күресін баяндайтын көркем фильм. Фильмнің басты қаһарманы (азаттық жолында шотландтықтардың көшін бастаушы) Уильям Уоллестің рөлін атақты актер Мел Гибсон ойнайды.

Сюжет

Фильмегі оқиғалар желісі 1280 жылдары басталады. Туынды өз өмірін Шотландия халқын ағылшындардан азат етуге арнаған батыр Уильям Уоллистің тарихы жайлы. 

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Уильямнің әкесі ағылшындар қолынан қаза тауып, жетім қалады, алайда оның көкесі оған қамқорлық жасап, Еуропада жақсы тәрбие алуына себепкер болады. Өз еліне ересек азамат болып оралған Уильям отбасы құрып, бейбіт өмір кешуді көздейді. Алғашқыда мақсаты жүзеге аса бастайды. Уильям кішкентайынан танитын Марронға ғашық болып, үйленбек болады. Алайда бұл кезеңде бүгінгі күні бізге ерсі естілетін «алғашқы түн құқығы» деген ереже болды. Шотланд халқының арулары мен ерлерін қатты кемсітетін бұл ережені Король Эдуард 1 енгізген болатын. Мұндай қорлыққа төзгісі келмеген жас жұп жасырын үйленбек болады. Алайда бәрі Уильям ойлағандай болмай шығады, сөйтіп Маррон «заңға» бағынбағандығы үшін жергілікті шерифтің қолынан қаза табады. Бұл жағдай сірә Уильям бейжай қалдырмай, ол азаттық күресіне шығады. 

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Көтеріліс үлкен күшке ие болып, Уильям бастаған топ бірқатар жеңістерге жетеді, соның ішінде Стерлинг көпірінің үстіндегі (аты аңызға айналған шайқас) шайқас. Алайда Фолклер шайқасы кезінде шотландиялық байқуатты адамдар Уильямды сатып, оның жеңіліске ұшырауына әсер етеді. Осыдан соң Уильям Уоллес жасырын соғысқа көшіп, өзін сатқандардың екеуін өлтіреді. 

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Ақыр соңында жылы орнын жоғалтқысы келмеген байлардың екінші реттік сатқындығынан Уильям ағылшын әскерінің қолына түсіп, оны ағылшын короліне қарсы әрекеті үшін соттамақ болады. Алайда Уильям Уоллис Эдуард өз королі ретінде мүлдем мойындамайды. Осы үшін сот оған «қинау арқылы күнәдан тазарту» жазасын қолданады. Сөйтіп оны қаланың орталық алаңында азаптайды. Қаншама қиындық көргеніне қарамастан Уильям өлер алдында «Еркіндік» деп айқайлап үлгереді. 

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Мел Гибсон осы фильмі үшін үздік режиссура бойынша «Алтын Глобус» және «Оскар» сыйлығымен марапатталды.

Фильм шотландтықтардың азаттыққа ұмтылуының негізгі себептерінің бірін жақсы түсіндіреді. 

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Сондай-ақ, бұл туындының өзгелерден ерекшелігі сол, мұнда дәйек сөздер өте жиі айтылған.

Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Уильям Уоллис: «Олар бізді өмірімізден айыра алады, бірақ бостағандымыздан еш айыра алмайды!»

(They may take away our lives, but they'll never take our freedom!)

Уильям Уоллис: «Күрессеңдер өмірлеріңді өлімге ауыстыруларың мүмкін. Қашсаңдар тірі қалып үзақ өмір кешулерің мүмкін. Бірақ көптеген жылдардан кейін төсек тартып, өлейін деп жатқанда сендердің бар армандарың осыншама ұзақ жылдарды сол бір күнге, сол бір сәтке алмастыру болады, жас, әрі қуатты кездеріңе оралып, жауларыңа мені өлтірсең де, менің бостандығымды өлтіре алмайсың деп айтқыларың келеді»

 (Fight and you may die. Run and you will live at least awhile. And dying in your bed many years from now, would you be willing to trade all the days from this day to that for one chance, just one cahnce, to come back here as young men and tell our enemies that they may take our lives but they will never take our freedom!)

Уильям Уоллис: Біз бәріміз өлеміз, бар мәселе мұның қалай және қандай жағдайда болатынында!

«We all end up dead, it's just a question of how and why.»

Уильям Уоллис: «Сендердің жүректерің еркін, сол жүректеріңді тыңдауда батыл болыңдар»

«Your heart is free... have the courage to follow it.»

Уильям Уоллис: «Әрбір жігіт өледі, бірақ екінің бірі нағыз өмір кеше алмайды»

«Every man dies, not every man truly lives.»

Уильям Уоллистің арманы орындалар ма екен?

Фильмге сүйену арқылы Шотландияның Ұлыбританияның бөлінуін қолдаудан аулақпын. Тарихқа жүгінсек, мемлекеттердің көбі отар және отарлаушы болып екіге бөлінді және отар елдің әрқайсысында отарлаушыға қатысты кек, өкпе бар. Көп ұлттар сол кекті осы күні де қайтарғысы келеді, алайда заманның өзгерісіне байланысты ұлттық мүдде тұрғысынан, дәстүрлердің ортақтасуы әсерінен кейбір ұлттар бұрынғыны ұмытып жаңа қатынас құруға талпынып жатады. Ендігі кезек, Шотландияның бүгінгі ұрпағында. Ескі араздықты ұмытып, жаңа қатынас құра ма, әлде бостандық үшін соңына дейін бара ма? Не болса да 18 қыркүйек күні белгілі болмақ.

Дархан Өмірбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға